11 наурыз 2022 | 09:26

"ӨКМ Операторы" бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: instagram.com/recycle.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар кезеңінде көлік құралдарын утильдеудің жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар кезеңінде көлік құралдарын утильдеудің жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы ұсталған еді.

Реклама
Реклама

Тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, қаңтардың аяғында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын растаған еді. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Екеуі де Нұрсұлтан қаласының УҰИ-на қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная