30 маусым 2022 | 12:43

"ӨКМ Операторының" бұрынғы құрылтайшысы күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/antikornews

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова күдікке ілініп, іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова күдікке ілініп, іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша жымқыру белгілері бойынша соталды тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.

"Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекс талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген утильалым қаражатын иеленген "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Антикор мәліметінше, Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, агенттік телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз:

  • call-центр 1424
  • +7 (7172) 909 260

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген", - делінген хабарламада.

Хабарламаның құпиялығына кепілдік берілетіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная