ОҚО-да діни радикализм идеясын насихаттады деген екі адам ұсталды

ОҚО-да діни радикализм идеясын насихаттады деген екі адам ұсталды

О?т?стік ?аза?стан облысыны? ІІД ?кілдері ??КД ?ызметкерлерімен біріге отырып, Т?ркістан ?аласы мен Сайрам ауданында діни радикализм идеясын насихатта?ан екі адамды ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД Мемлекеттік тіл ж?не а?парат бас?армасына сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД өкілдері ҰҚКД қызметкерлерімен біріге отырып, Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында діни радикализм идеясын насихаттаған екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында діни радикализм идеясын насихаттау барысында аудио және видеоматериалдар таратты деген күдікпен 1990 және 1995 ер адамдар ұсталды.

ОҚО ІІД өкілдері терроризм насихаттау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. ҰҚКД Тергеу басқармасының қызметкерлері қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама