ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2020 | 08:46
"Өлім алдында әлдекімнің атын атаған". Майор Оспановтың ісі тоқтатылды
Павлодарда қоймада өлі табылған полицей Руслан Оспановтың қылмыстық ісі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда қоймада өлі табылған полицей Руслан Оспановтың қылмыстық ісі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тергеу органдары полиция қызметкерінің өзіне-өзі қол жұмсауына әлдекімдердің себеп болғанына дәлел таппады.
"Суицид дерегімен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 35-бабы, 1-бөлігі және 2-бөлігі тәртібінде қылмыстық істі қысқарту туралы іс жүргізу шешімі қабылданды ("әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты"). Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына, 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды", - деп түсініктеме берді ресми сауалға берілген жауабында Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Дархан Құрақбаев.
Бұған дейін қылмыстық іс "өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша тергеліп жатқаны хабарланған. Бастапқыда сотқа дейінгі және қызметтік тергеумен өңірлік ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы айналысты. Алайда, қаза тапқан адамның туыстары әлеуметтік желілерде болған оқиғаға полиция департаменті басшыларының бірінің қатысы бар деген күдіктіні айтқан соң, қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.
Кейін полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Мұратжан Шәкіров қызметінен айырылған. Ол тергеу уақытына шеттетілген.
Еске салайық, 34 жастағы полиция майоры Руслан Оспанов 2019 жылы қыркүйекте Павлодарда орналасқан үйлердің бірінің жанындағы гараждан асылып қалған күйі табылған. Қайтыс болған адамның ағасы оқиға алдында ер адам досына қоңырау шалып, оны бұл қадамға жеткізген адамның атын атаған.
Оспанов Павлодар ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Туған-туысқандарының айтуы бойынша, оны өзіне-өзі қол жұмсауға әлдекімдер жеткізуі мүмкін. Соңғы уақытта ол Павлодар облысының тергеу жөніндегі полиция департаментінің басшылығына шағымданған.
Показать комментарии
Читайте также