23 қараша 2021 | 12:20

"Өліміме колония әкімшілігі кінәлі". Қарағанды облысында сотталушы видеоүндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Әлеуметтік желіде Қарағанды ​​облысы Қарабас ауылындағы АК-159/18 колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушының видеоүндеуі тарады. Сотталушы видеода өліміне күзет мекемесінің әкімшілігі кінәлі екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Қарағанды ​​облысы Қарабас ауылындағы АК-159/18 колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушының видеоүндеуі тарады. Сотталушы видеода өліміне күзет мекемесінің әкімшілігі кінәлі екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісінде тарап, резонанс тудырды. Видео кейіпкері жеке деректерін айтып, кейін өліміне мекеме әкімшілігі кінәлі екенін мәлімдейді. Бұл ретте ер адам камераға денесіндегі түрлі жарақатын көрсетеді.

"11-15 қарашада АК-159/18 мекемесінде құқық бұзу дерегінің алдын алу және тыйым салынған заттарды тәркілеу мақсатында тінту жүргізілді. Осы іс-шара барысында 40-тан аса мобильді құрылғылар мен 0,5 келіге жуық есірткі заттары табылып, тәркіленді. Тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын анықтау үшін ішкі тергеулер тағайындалды. Тінту жұмыстарынан кейін бірқатар сотталушы өзін жаралап, осылайша, тыйым салынған заттарды тәркілеуге келіспейтінін білдірді. Бұл видео да осы жұмыстардан кейін жарияланды. Осылайша, сотталғандар мекеме әкімшілігіне айла-шарғы жасап, тыйым салынған заттарды сақтағаны үшін жауапкершіліктен жалтаруға тырысады", - деді Қарағанды ​​облысы ІІД ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, департамент тінту прокуратура, қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдері, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өңірі басшылығы бақылауында өткенін қосты. Процесс бейнебақылау камераларына, сондай-ақ колония мен Ұлттық ұлан офицерлерінің бейнетіркегіштеріне түсірілген. Тексеру кезінде жазасын өтеп жатқан тұлғалардан шағым түскен жоқ.

"Сотталғандар түзеу мекемесі тәртібіне келіспеу белгісі ретінде түзеу мекемесінің ережелеріне бағынғысы келмейді және өздеріне зиян келтіреді. Осылайша, олар жұрттың назарын аударып, жазаны жеңілдетуге немесе ерекше жағдайға қолжеткізуге тырысады", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная