ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қараша 2021 | 19:55
Өлімші етіп сабаған. Қостанай облысының полицейлері қызғаныштан болған кісі өлімін тексеріп жатыр
Қостанай облысының полицейлері қызғаныштан болған кісі өлімін тергеп жатыр. Бұл туралы өңірлік ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

"Тобыл қаласы Набережная көшесінде ер адам қызғаныштан туындаған жанжал кезінде 54 жастағы ер адамды соққыға жыққан. Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды", - делінген полиция хабарламасында.
Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также