13 қараша 2024 | 14:32

“Өлтіріп, суға лақтырып жіберген“: Атыраудағы қыздың өліміне қатысты тергеудің мән-жайы айтылды

Фото: azh.kz

Атырауда бір айға жуық уақыттан бері 23 жастағы Яна Легкодимованың денесін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда бір айға жуық уақыттан бері 23 жастағы Яна Легкодимованың денесін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" мәліметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, құтқарушылар 22 қазаннан бері сүңгуір құрылғыларын пайдалана отырып, оқиға аймағында су асты жұмыстарын жүргізіп, шолу жасап жатыр.

Іздестіру жұмыстарына 5 техника, 7 төтенше жағдайлар қызметі қайығы мен полиция, сондай-ақ 20-дан аса адам жұмылдырылған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Яна Легкодимова 18 қазанда үйінен шығып, қайтып оралмады. Бұл күні анасы Ақтауда іссапарда болған. Кейінірек 24 және 25 жастағы екі ер адам ұсталды, олар қыздың өлтірілгенін және денесі Жайыққа тасталғанын мойындады. Қала тұрғынының жоғалып кету дерегі бойынша "Адам ұрлау" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная