ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2020 | 16:09
"OLX арқылы төлеймін". Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Олар белгілі жарнама сайтынан сатып алушылар ретінде банк карталарынан ақша ұрлайды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Олар белгілі жарнама сайтынан сатып алушылар ретінде банк карталарынан ақша ұрлайды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Желі қолданушылары OLX.kz сайтында сатуға қойылған тауарларды сатып алмақ болған адамдармен диалогтардың скриншоттарын жүктеп жатыр.
Әдетте, алаяқтар сатушы қойған барлық шартқа келісіп, тауарды сапасын тексермей-ақ алуға, жеткізу шығындарын көтеруге, тіпті алдын ала төлем жасауға да дайын болады. Олар ақшаны "OLX арқылы" аударатынын айтып, содан кейін сатушыға түскен төлемді қабылдау үшін сілтеме жібереді.
Шын мәнінде, бұл сайтта ақша аударымдары жүйесі жоқ. Алаяқтар көшірме сайттың сілтемесін жібереді. Онда сатушы банк картасының мәліметтерін енгізеді, ал алаяқтар оны көріп отырады. Осылайша, алаяқтар сатушының шотындағы ақшаның бәрін иемденіп алады.
OLX.kz сайтындағы жадынамада сатып алушылар жіберген SMS-хабарламалардағы немесе электрондық пошталардағы сілтемелерді ашпауға кеңес берілген. Сонымен қатар, сайт мамандары Western Union сияқты аноним жүйелер арқылы ақша аудармауға және мекенжай жолағындағы сайттың ресми доменіне назар аудару қажет екенін ескертеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также