Оңтүстік Қазақстанда 18 жастағы жігіт 5 жылға сотталды

© 1news.az

Кентау ?алалы? сотыны? ?кімімен азаматтарды тона?аны ?шін 18 жаста?ы жігіт 5 жыл?а сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД Мемлекеттік тіл ж?не а?парат бас?армасына сілтеме жасап.

Кентау қалалық сотының үкімімен азаматтарды тонағаны үшін 18 жастағы жігіт 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

ІІД мамандарының айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында Кентау ҚІІБ-не қаладағы дүкендердің бірінің сатушысынан хабарлама келіп түскен, онда белгісіз біреудің дүкенге кіріп, пышақпен қорқытып, алтын бұйымдары мен ақшасын тартып алып кеткені айтылған.

"Тәртіп сақшылары аталған жайт негізінде ҚР ҚК 191-бабы "Тонау" бойынша қалалық полиция бөлімінің СДТБТ-не тіркеді. Жәбірленушінің сөзіне қарап, криминалистер тонаушының фотороботын жасады: 18-20 жастағы жас азамат, орта бойлы, бойы 170-175 сантиметр. Кентау ҚІІБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің бағыттамасының нәтижесінде күдікті тұлға анықталып, Шымкент қаласында ұсталды", - дейді олар.

Реклама
Реклама

Мамандардың айтуына қарағанда, жігіт Тараз қаласының 1999 жылғы тумасы. Полицейлер тергеу барысында оның облыс орталығында жасалған тағы бір қылмысқа қатысын анықтаған, ол да - тонау. Енді ол алдағы бес жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама