Оңтүстік Қазақстанда мектепте болған төбелестен бір оқушы қаза тапты

©Azh.kz

28 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласындағы мектептердің бірінде қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Times.kz ақпараттық агенттігі.

Оқушы білім беру мекемесінің ғимаратында қайтыс болды. Шамамен 11.00-де үшінші қабатта тоғызыншы сынып пен оныншы сыныптың екі оқушысы ерегесіп қалады. Кіші сыныпта оқитыны мектепке әкелген пышағымен өз қарсыласын жарақаттайды.  

"Оныншы сынып оқушысы алған жарақатынан қаза тапты, тоғызыншы сынып оқушысы полицияға әкетілді. Мектеп түгелдей абыржып қалды", - деп хабарлайды басылым. Төтенше жағдайдың өзге жағдаяттары әзірше белгісіз қалып отыр.

Реклама
Реклама

Осындай жағдай Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы рет 2014 жылдың қараша айында болған еді. Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылында кәмелет жасына толмаған бала қайтыс болды. Оны біреулер жаппай төбелес кезінде қарумен атқан болып шықты. Кейін күдіктілер ұсталып, қамалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама