Оңтүстік Қазақстанда шешесі өзінің екі қызын галстукпен буындырып өлтірді

@Tengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан обылысында әйел адам екі қызын галстукпен буындырып өлтірді, - деп хабарлайды КТК. Телеарнаның хабарлауынша, олардың біреуі - 11 жаста, екіншісі - 9 жаста.

Келіншек үш баласымен бір бөлмеде өмір сүрген. Тағы бір қызы ата-әжесінің тәрбиесінде болған. Балаларының әкесі жеті жыл бұрын өмірден өтіпті. Содан бері жалғыз басты ана наубайханада кондитер болып жұмыс істеп, балаларын әрең асыраған.

Әйелдің көршілерінің айтуынша, отбасының қарызы бар. "Полицейлермен келгенде оның айтқанын естідік. Үйіндегі заттарын шашып, екі қыз бір-бірін буындырып өлтіргендей қылып көрсеткісі келіпті. Кейін өзі күйеуінің галстугымен буындырып өлтіргенін айтты", - деді көршілері.

Реклама
Реклама

Полиция оқиға туралы түсінік берген жоқ. Тек әйелдің қамауда отырғаны анықталды. Оның 9-сыныпта оқитын ұлы бар. Ол үйдегі болған жағдайды бірінші болып көрген. Қазір бала туыстарының үйінде. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама