ОҚО-да атыс болды

Сарыағаш ауданы Абай ауылы. © Otyrar.kz

О?т?стік ?аза?стан облысы Сарыа?аш ауданы Абай ауылыны? т?р?ындары мен к?рші ауылды? т?р?ындары арасында атыс болды, - деп хабарлайды Otyrar.kz ку?герлерге сілтеме жасай отырып.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылының тұрғындары мен көрші ауылдың тұрғындары арасында атыс болды, - деп хабарлайды Otyrar.kz куәгерлерге сілтеме жасай отырып.

Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл мәліметті растады. Төтенше жағдай салдарынан екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Атыс шығарғандардың жасы шамамен 25-30-да.

Расталмаған мәліметтерге қарағанда, күдіктілер қамауға алынды. Үш адам тергеуге алынды.

Реклама
Реклама

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полиция қызметкерлері төтенше жағдай болған жерде күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама