ОҚО-да екі адамды шауып өлтіріп кеткен

ОҚО-да екі адамды шауып өлтіріп кеткен © Sputnik

О?О Ма?тарал ауданында?ы ауылдарды? бірінде адам ?олынан к?з ж?м?ан ер мен ?йелді? денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі айма?ты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

ОҚО Мақтарал ауданындағы ауылдардың бірінде адам қолынан көз жұмған ер мен әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2017 жылдың 13 ақпанында Мақтарал АІІБ-ге адамдардың денесі табылған жайлы хабарлама келіп түсті. "Оқиға орнына жедел тергеу тобы жөнелтілді. Криминалист мамандар адамдардың денелерінің шабылғандығын анықтады", - дейді полицейлер.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәліметі бойынша, көз жұмғандар 1958 және 1966 жылы туған жергілікті тұрғындар. "Аталған дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілерді ұстауға бағытталған барлық шара іске асырылып жатыр", - дейді ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама