ОҚО-да ферула дәрілік өсімдігін жинаумен айналысқан 51 ауғанстандық азамат ұсталды

© Eda-land.ru

О?О Арыс ауданында О?О ІІД Жергілікті полиция ?ызметі таби?атты ?ор?ау полициясыны? ?ызметкерлері рейдтік іс-шара ж?ргізу барысында ферула д?рілік ?сімдігін жинаумен айналыс?ан Ау?анстанны? 51 азаматын ?стады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі О?О ІІД Мемлекеттік тіл ж?не а?парат бас?армасына сілтеме жасап. 

ОҚО Арыс ауданында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейдтік іс-шара жүргізу барысында ферула дәрілік өсімдігін жинаумен айналысқан Ауғанстанның 51 азаматын ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. 

Полицейлер шетел азаматтарының құжаттарын тексеру кезінде ОҚО аумағында еңбек етуге рұқсат қағазы болмағаны анықталды. Тәртіп сақшылары шетелдіктерді Арыс ҚІІБ-на жеткізіп, көші-қон полициясына мән-жайды анықтау үшін тапсырды.

Қазіргі уақытта заңбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жинақталған материалдар процессуалды шешім шығару үшін сотқа жіберіледі.

Реклама
Реклама

ОҚО ІІД КҚБ қызметкерлерімен табиғатты қорғау заңын бұзған және пайдалы қазбаларды өз бетімен пайдаланудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама