ОҚО-да кісі өлтірді деген үш адам ұсталды

© musicente.ru

О?т?стік ?аза?стан облысында полицейлер адам ?лтірді деген ?ш к?діктіні ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер адам өлтірді деген үш күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылдың 28 қаңтарында Түркістан қалалық ІІБ-не жергілікті тұрғын жақында әкесінің өз көлігімен жұмысқа кетіп, сол күйі оралмағанын хабарлады. Жоғалып кеткен ер адамның қайда екенін анықтауға бағытталған барлық қажетті шара жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қалаға жақын жерден ер адамның көлігін көрген. Жедел-іздестіру шаралы барысында ІІБ қызметкерлері ер адамды өлтірді деген күдікпен ОҚО-ның үш тұрғынын ұстады", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама