ОҚО-да Lexus мінген белгісіз біреулер ер адамды атып кетті

© pexels.com

О?т?стік ?аза?стан облысында?ы Арыс ?аласында белгісіз біреулер ер адамды к?ліктен атып кеткен. Ал?ан жара?атынан ер адам ?аза тапты, - деп хабарлайды "Отырар TV" телеарнасы.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласында белгісіз біреулер ер адамды көліктен атып кеткен. Алған жарақатынан ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Отырар TV" телеарнасы.

Арыс қаласының полицейлері кісі өліміне күдіктілерді анықтады. Оқиға 9 наурызда болған. Аудандық полиция бөлімшесіне 25 жастағы қоңырау шалып, 1977 жылғы туысын белгісіз біреулердің атып кеткенін айтқан. 

Полицейлер оқиға орнына келіп, белгісіз екі адамның Lexus маркалы көліктен41 жастағы азаматқа оқ атқанын анықтаған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. 

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар жүргізілген. Бір тәулік өткенде полицейлер Арыс қаласының 1985 және 1991 жылғы екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер қамауға алынды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама