ОҚО-да пара алған екі шенеунік әшкереленді

О?т?стік ?аза?стан облысында пара ал?ан екі шенеунік ?шкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросына сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алған екі шенеунік әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"23 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ОҚО тексеру комиссиясының төрағасы С.Шалабай мен облыстың тексеру комиссиясының бас аудиторы Б.Құдияровтың 7 миллион теңге көлемінде пара алғанын әшкереледі. ОҚО тексеру комиссиясының төрағасы С.Шалабай Шымкент қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Б.Құдияров қылмысын толықтай мойындауына байланысты қамалған жоқ", - деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметіндегілер.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама