ОҚО-да қарақшы үйге кіріп балаларды байлап тастаған

© Rustelegraph

О?т?стік ?аза?стан облысыны? Ордабасы ауданында ?ара?шы ?йге кіріп балаларды байлап таста?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында қарақшы үйге кіріп балаларды байлап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылы 7 ақпанда Ордабасы АІІБ кезекші бөліміне 48 жастағы ер адам хабарласып, үйіне белгісіз біреу баса көктеп кіріп, қарақшылық жасағаны туралы хабарлаған. 

"Оқиға орнына келген полицейлер үйге белгісіз біреу кіріп, 6 және 12 жастағы балаларды байлап, алтын бұйымдарды алып, оқиға орнынан кетіп қалғанын анықтады. Келтірілген залал мөлшері - жарты миллион теңге", - деді полицейлер. 

Реклама
Реклама

Жедел тергеу шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстады. Ол 20-25 жас аралығындағы жергілікті тұрғын екені анықталды. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама