ОҚО-да шенеуніктер бас дәрігерлерден пара алды деген күдікке ілінді

© Тengrinews.kz

О?т?стік ?аза?стан облысында Медициналы? ?ызметке а?ы т?леу комитетіні? облысты? департаментіні? ?ызметкерлері пара алды деген к?дікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Мемлекеттік ?ызмет істері министрлігіні? сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысында Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Антикоррупциялық қызметтің өкілдері Департаменттің орынбасары Қалыбекова мен бөлім басшысы Жұмақовтың бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталғанын хабарлаған болатын. 

"Тергеу бойынша, лауазымды тұлғалар қылмыстық келісімге келіп, жүйелі түрде 60-тан аса медициналық мекеменің бас дәрігерлері мен есепшілерінен пара алып отырған. Олар қамқорлық көрсетіп, қаржыландыру және ай сайынғы есептілікті кедергісіз жеткізуді қамтамасыз етіп отырған. Параның көлемі ұйымның ауқымына қарай 5 мыңнан 100 мыңға дейін алынып отырған. Қалыбекова мен Жұмақовтың жалпы алған сомасы 993 мың теңгені құраған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта күдіктілер өз кінәсын толығымен мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама