ОҚО-да талайды сан соқтырған әккі алаяқ ұсталды

© ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

О?О-да азаматтарды? 20 миллион те?геден астам ?аражатын алдап ал?ан 44 жаста?ы ер адам ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД Мемлекеттік тіл ж?не а?парат бас?армасына сілтеме жасап.  

ОҚО-да азаматтардың 20 миллион теңгеден астам қаражатын алдап алған 44 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.  

Сайрам аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне 1973 жылғы жергілікті тұрғыннан хабар түскен. Әйел ер адамның мал санын көбейтіп беремін деп, 6,5 миллион теңге тұратын 16 жылқысын иемденіп алғанын, алайда қаражатты өз қажетіне жаратып жібергенін айтқан.

"Жедел іздестіру шараларының барысында Сайрам АІІБ қызметкерлері 1973 жылғы жергілікті жұмыссыз тұрғынды ұстады", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Тергеу барысында күдіктітің биыл сәуірде Түркістан тұрғынын да алдап кеткені анықталды. Ер адам түркістандықты жұмысқа тұрғызып беремін деп, алаяқтық жолмен 20 мың АҚШ долларын иемденіп алған делінеді. 

Тергеу барысында ұсталған ер адамның үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Барлық жағдайда ол лауазымды қызметтерде таныстарының жұмыс істейтінін айтып, ақшасын алып кетіп отырған делінеді.


© ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған: "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" және "Алаяқтық". Ұсталған адам қамауда. Соталды тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады полицейлер. 

Құқық қорғау органдарының өкілдері ұсталған адамнан алданған тағы да басқа азаматтардың анықталуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама