ОҚО-ның екі тұрғыны Астанада люк қақпақтарын ұрлап жүрген

Криминалды? полиция ?ызметкерлері Астанада люктерді? шойын ?а?па?тарын ?рлап ж?рген екі адамды ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері Астанада люктердің шойын қақпақтарын ұрлап жүрген екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталғандар Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты. Екеуі де осыған дейін сотты болған.

"Күдіктілер түнгі уақытта көліктерімен шығып, ұрлық жасап жүрген. Қаскөйлер кәріз құдықтарыың 30 шойын қақпағын ұрлап кеткен", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, осы қылмыстарды ашуға видеобақылау камераларының көмегі тигені айтылады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрланған қақпақтар металл қабылдау пунктілеріне өткізілген. Қазіргі уақытта ұсталғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама