ОҚО тұрғындары Алматыдағы фотозертхананы тонаған

ОҚО тұрғындары Алматыдағы фотозертхананы тонаған © ІІБ баспасөз қызметінен

Алматы ?аласы Бостанды? ауданыны? полицейлері жекеменшік ке?сені тона?ан екі адамды ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласы Бостандық ауданының полицейлері жекеменшік кеңсені тонаған екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ұсталғандар 1997 жылы туған Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Күдіктілердің айтуынша, олар ұрлыққа ақшадан қысылғандықтан барған. Тергеу олардың тұрақты табысы жоғын анықтады", - дейді Бостандық ІІБ полиция бөлімшесінің басшысы подполковник Дінмұхамед Әуелхан. 

Оның сөзінше, ұсталғандар кінәсін толық мойындады. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде ұсталғандардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Реклама
Реклама

"Күдіктілер кеңсеге ешкім жоқ кезде кіріп, ондағы қаржы мен техниканы (ноутбук, компьютер, процессорлар, флешкалар мен тағы да сол сияқтылар) алып шыққан. Күдіктілердің қолынан зардап шеккен азаматтарды 298-52-80 және 298-52-81 телефондары арқылы хабарласуын сұраймыз", - дейді полицей. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама