16 қыркүйек 2021 | 13:27

Орал маңындағы орманда белгісіз әйел өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстратциялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Орал маңындағы орманда белгісіз әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал маңындағы орманда белгісіз әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәлім етті.

"15 қыркүйекте күндізгі сағат екі шамасында Ветелки ауылының маңындағы орманда әйелдің мәйіті табылды. Әйелдің жеке басы мен өлімінің себептерін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Полиция тергеу мүддесіне байланысты, басқа мәліметті жарияламады.

Алайда бұқаралық ақпарат құралдары мәліметіне сүйенсек, мәйіт шөптер мен бұталар өртенген, жүру мүмкін емес жерден табылған.

Бұл арада әлеуметтік желілерде 21 жастағы тағы бір қыздың із-түссіз жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды. Анастасия Черная 13 қыркүйекте жігітімен тұрған үйден шығып, әлі оралмаған. Жоғалған қыздың анасы оның телефоны сөніп қалғанын, ол хабарласпағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram