Оралда белгісіз ер адам Зачаганск ауданында 10 жастағы қызға шабуыл жасап, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы ақпарат тарады. Полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға қалай болған?
Белгісіз дереккөзден келген дауыстық хабарламаларда 29 қыркүйекте кешке мектептен қайтып келе жатқан қызға бірнеше адамның шабуыл жасағаны сипатталған. Содан кейін олар қызды тұншықтырып өлтіріп, оны өлді деп ойлап, орманға тастап кеткен. Алайда қыз аман қалып, отбасымен байланысқа шыққаны айтылған.
Полиция пікір
Полиция кәмелетке толмағанға қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекет дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Бірақ оқғаның мән-жайы айтылмады.
"Осы қылмысқа қатысы бар адамды құрықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Балаларға қатысты жасалған қылмыс - бұл қоғамдағы ең ауыр әрі сорақы әрекет екенін атап өтеміз. Бұл теріс әрекетті жасаған адам міндетті түрде ұсталатын болады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!