19 наурыз 2021 | 09:57

Оралда 13 жастағы қыз өгей әкесінен зорланғанын мәлімдеді

Фото: © astanatv.kz

Оралда кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот процесі жабық режимде өтеді. Өйткені сотта кәмелетке толмаған бала және жақын қарым-қатынас туралы мәлімет айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот процесі жабық режимде өтеді. Өйткені сотта кәмелетке толмаған бала және жақын қарым-қатынас туралы мәлімет айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

33 жастағы ер адам 13 жастағы қызын бірнеше рет қорлады деген күдікке ілінген. Сотталушы айыптаумен келіспеді.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, бала болған жағдайды айтуға қорыққан. Қыз ерлі-зайыпты арасында жанжал туғаннан кейін ғана мойындаған. Оның айтуынша, алдымен ер адам "тек қол тигізуді" сұраған, кейін ол қызды қорлап, ақша ұсына бастаған.

Реклама
Реклама

Істің егжей-тегжейін қыздың анасы тілшілерге айтып берді.

"Бала әлі күнге дейін күйзелісте жүр. Мамандардан кеңес алып жүрміз. Психологтар бұл жағдай шамамен 4-5 жылға созылады дейді. Бұл оның жадында мәңгіге сақталады. Мен үш қызымның және өзімнің өмірім үшін бәріне барамын. Сот төрелігіне үміт артамын. Өйткені менде ақша жоқ, тек шындығым бар", - деді Роза Маратова.

Қызы болған жағдайды айтқаннан кейін әйел полицияға шағым түсірген. Қылмыстық іс қозғалды. Жарты жыл ішінде болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталды, сараптамалар жүргізілді.

Әйел күйеуі оны және балаларын бірнеше рет ұрғанын мәлімдеді. Бірақ ол туған қызы ретінде тәрбиелеп жүрген балаға деген арам пиғылын түсіне алмапты. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айыпталушының адвокаты іске қатысты түсініктеме бермеді. Тек айыпталушының кінәсі туралы айтуға әлі ерте екенін еске салды.

"Конституцияға сәйкес, адам кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп саналады. Сондықтан біз сотқа сенім артамыз", - деді адвокат Мереке Ғабдуалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная