25 қаңтар 2022 | 17:46

Оралда Анастасия Чернаяның өліміне қатысты сот отырысы басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Анастасия Черная. Фото:instagram.com/mamochki_uralska_vmeste_new

Оралда өткен жылдың күзінде асқан қатыгездікпен өлтірілген 21 жастағы Анастасия Чернаяның өліміне қатысты сот отырысы басталды. Күдікті 28 жастағы Темірлан Аманғалиев айыптау сотында отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда өткен жылдың күзінде асқан қатыгездікпен өлтірілген 21 жастағы Анастасия Чернаяның өліміне қатысты сот отырысы басталды. Күдікті 28 жастағы Темірлан Аманғалиев айыптау сотында отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстың жай-жапсары сот отырысында белгілі болды. Кісі өлтірді деген күдікті мен құрбаны қаладағы микроқаржы ұйымдарынан несие алуға келгенде кездейсоқ танысқан. Ер адамға несие бермеген, ал Анастасия Черная оған өз еркімен микрокредит алып берген. Бірақ ақша мен құжат қызда қалған.

"Анастасия қаржылық қиындықтарын айтып шағымданды. Оның қолында құжаттарым қалды. Мен оған телефон соғып, жеке куәлігімді қайтарып беруін өтіндім. Ол басы ауырып тұрғанын айтты. Кейін мен оған телефон шалып, керек деген есірткісін ұсынып, кездесуге шақырдым. Ол кездесуге келген кезде екеуміз ұрысып қалдық. Қыз маған қарай шабуыл жасады, мен оны мойынынан ұстап артқа итеріп жібердім. Ол құлап, басын бетон тақтайшаға соқты. Оның есін жиғызуға тырыстым", - деді Темірлан Аманғалиев. 

Реклама
Реклама

Фото ©Tengrinews.kz

Оқиғадан кейін ер адам мәйіттен құтылмақ болған. Оны көрпеге орап, шкафқа салған.  Аманғалиев бірнеше күннен кейін шкафты қала маңындағы орманға апарып бензин шашып өртеп жіберген. Өртенген қалдықтарды Ветелки ауылының тұрғыны тапқан.

"Ауылдан екі шақырым жерде мал жайып жүрген едім. Бұрын-соңды болмаған күйген жерді көрдім. Мен көлікпен келе жатып, сол жерден әйелдің мәйітін таптым. Дереу полиция шақырдым", - деді Төлеген Испаев.

Қыздың анасы сотталушыға ең ауыр жаза қолдануды сұрайды.

Фото ©Tengrinews.kz

"Ол оны іздеп жүрген, тіпті бізге телефон шалып сұраған болатын. Байқаусызда оның шотына ақша аударып алғанын айтып, қайтарып беруін өтінді. Ол Настяның ізіне түсіп, оны өлтіруді алдын ала жоспарлаған", - деді Светлана Лобанова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная