Оралда әріптесін ұрып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

© grimnir74

Ауыл шаруашылы?ы министрлігіне ?арасты мемлекеттік инспекция комитетіні? айма?та?ы ?кілі Тілек Химедденов ендігі он жылын т?зету мекемесінде ?ткізеді, - деп жазады КТК арнасы.  

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік инспекция комитетінің аймақтағы өкілі Тілек Химедденов ендігі он жылын түзету мекемесінде өткізеді, - деп жазады КТК арнасы.  

Бір жыл бұрын Файзулла Төлегеновтің өлі денесі әріптесінің үйінен табылған. Алғашқыда сарапшылар оны жүрек талмасынан қайтыс болды деген шешім шығарған. Бұған сенбеген марқұмның туыстары қайта тексеруге арыз жазады. Екінші қайтара жүргізген сараптама ауыр соққы болғанын анықтаған.

Сот барысында мемлекеттік  инспекцияның қос қызметкері қайғылы оқиға болған күні жұмыстан ерте сұранып кеткені анықталған. Осылайша, олар Химедденовтің үйіне барып, арақ ішеді. Кейін екеуі төбелесіп қалған. Ал не нәрсеге келісе алмағаны сол күйі айтылған жоқ.

Реклама
Реклама

Тілек Химедденов те кінәсін мойындамады. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылып, қаралы отбасыға екі миллион теңге өтеуге міндетті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама