26 наурыз 2021 17:29

Оралда айырбастау пункті басшысының 45 миллион теңгесін ұрлағандар соты өтіп жатыр

Оралдың қалалық сотында ақша айырбастау пунктін тонағандарға қатысты процесс басталды. Ұрылар кәсіпкердің 45 миллион теңгесін қолды қылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдың қалалық сотында ақша айырбастау пунктін тонағандарға қатысты процесс басталды. Ұрылар кәсіпкердің 45 миллион теңгесін қолды қылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдына үш адам келді. Олардың бірінің туысы іс жалған екенін айтты.

Оқиға былтыр 28 ақпанда болған еді. Ер адам көзден жас ағызатын газ шашып, жәбірленушінің ақша салынған сөмкесін алып кеткен болатын. Сөмкенің ішінде еуро, доллар, рубль және теңге болған. Жалпы - 45 миллион теңге шамасында болған.   

Реклама
Реклама

"ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша және 191-баптың 4-бөлігі бойынша айып тағылды. Күдіктілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді БҚО облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.   

Айыпталушылардың бірі 27 жастағы Бауыржан Шәріповтің әпкесі айыптаулармен келіспей отыр. Ол бауыры автокөлік сатумен айналысқанын және ұрылардың бірі одан көлік сатып алғанын айтады. Әйел адамның сөзінше, тергеу кезінде ер адамға физикалық қысым көрсетілген.  

"Менің бауырымның кінәсі жоқ. Оған дәлел бар. Оны тергеу кезінде соққыға жыққан. Біз тергеу барысында полицияның заңсыз әрекеттері туралы 42 өтініш бердік", - дейді Зүлфия Шәріпова. 

Адвокат та айыпталушы кінәсіз екеніне сенімді. Ол іс жалған екенін айтады. 

"Айыпталушылардың бірі мойындап отыр. Ол есірткіге тәуелді. Бауыржан Шәріпов бизнеспен айналысқан. Оған қылмыс жасаудың не қажеті бар? Оның қылмысқа қатысы жоқ", - деді адвокат Болат Бегеев. 

Полиция департаменті күдіктілердің бірінің өтініші бойынша БҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы Орал қаласының Абай полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты соталды тергеуін бастағанын хабарлады. Қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram