10 қаңтар 2022 | 11:46

Оралда бақылау-өткізу бекетін айналып өтпек болған қызылордалықтар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:mgorod.kz

Оралда қызылордалық төрт ер адам болған ресейлік нөмірлі көлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда қызылордалық төрт ер адам болған ресейлік нөмірлі көлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Лада Гранта" автокөлігі сағат 23.15-те Жәңгір хан көшесінде "Москвичи" жанар-жағармай құю бекетінің маңында тоқтатылған. Жауап алу кезінде ұсталғандар Қызылордадан келгендерін, 23 және 24 жаста екендерін айтқан.

"Олар Қызылордадан келгендерін, Подстепныйдағы блок бекеттен өте алмағандықтан, саяжай арқылы айналып өтуге шешім қабылдағандарын айтты. Ұсталғандардан алкогольдің иісі шығып, мінез-құлқтары күдікті болғандықтан полиция бөлімшесіне жеткізілді,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары көлік пен жолаушыларды тінту үшін полиция бөлімшесіне жеткізді. Ал жүргізуші медициналық тексеруден өтіп, есірткі пайдаланғаны расталды.

Баспасөз қызметі көліктерді тексеру нәтижесінде екі асхана пышағы, ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ бар қорап, сондай-ақ түрлі маркалы төрт ұялы телефон табылғанын айтты.

"Ұялы телефондарды тексеру барысында галереяда "бетбелгілер" орындары бейнеленген және қол қойылған көптеген фотосуреттер табылды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша дерек СДТБТ-ға тіркеу мәселесі шешілетін болады. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Порталдың хабарлауынша, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жүргізуші мен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная