Оралда бір әйел 4 жасар баласын пышақпен жарақаттаған

© top55.info

Оралда бір ?йел ?з баласын пыша?тап тастама? бол?ан, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

Оралда бір әйел өз баласын пышақтап тастамақ болған, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

12 ақпанда төрт жасар бала Оралдағы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Бұл туралы Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері балалар жарақатын алдын алу бойынша өткен брифинг барысында айтты.

"Баланың анасы 30 жаста. Ол психикалық тұрғыдан науқас адам болып көрінді. Ол баласымен бірге ауруханаға келгенде біз полицейлер мен қамқоршылық органдардан адамдарды шақырдық. Ол баласы жатқан палатада бірде-бір күн болған жоқ", - деді Облыстық балалар ауруханасының штаттан тыс бас дәрігері Александр Гехман.

Реклама
Реклама

Дәрігердің айтуынша, бала орта деңгейдегі жарақат алған, жүрегіне зақым тимеген. Қазіргі уақытта бала ауруханадан шығарылды, жағдайы қанағаттанарлық.

"Қазір бала кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығында. Оны балалар үйіне жіберу мәселесі шешіліп жатыр", - деді хирург.

Басылымның мәліметінше, баланың анасы дәрігерлерге баланы өлтіргісі келгендіктен пышақтамақ болғанын айтқан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама