ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2019 | 15:18
Оралда бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам қамауға алынды
Оралда бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында Ерлан Ислямғалиев қамауға алынды. Судья БҚО ПД тергеу басқармасының күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы арызын қанағаттандырды.
"Ислямғалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 261-бабы 2-бөлігі ("Адамды кепiлге алу") бойынша күдікке ілінді. Сондай-ақ, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі ("Зорлау") бойынша да айып тағылған", - деді сот баспасөз қызметінің өкілдері.
Хабарламада Ислямғалиевтің бұрындары сотталғаны айтылады, осыған қарамастан ол адам денсаулығына зиян келтіретін қылмыс жасаған.
Сот отырысы жабық түрде өтті. Процеске журналистер мен күдіктінің туыстарын қатыстырмады.
Келіссөздерге қатысқан күдіктінің ағасы мен әпкесі.
Айта кетейік, 41 жастағы Ерлан Ислямғалиев бұрынғы әйелі Ирада Ислямғалиеваны кепілге алған. Оның қолында пышақ және жарылғыш затқа ұқсас бірдеңе болған. Кейінірек оның жай ғана ойыншық екені анықталды, ол оны аңшылық дүкеннен сатып алғаны белгілі болды. Ерлан Ислямғалиев бұрынғы әйелі істейтін нотариус кеңсесін іштен жауып алған. Кеңсе бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Ол есікті жиһаз бен сейфпен бұғаттаған. Қаскөймен келіссөздер бірнеше сағатқа созылған. Полицейлер онымен терезе арқылы сөйлесті.
Күдіңтінің жары облыстық ауруханада жатыр. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Олардың ортақ бір баласы бар. Қазір олар ажырасып жүр екен.
Показать комментарии
Читайте также