22 ақпан 2022 | 14:18

Оралда дүкенді тонаған ер адам видеоға түсіп қалған

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Оралда ер адам дүкендердің бірінен жарты миллион теңгенің телефондарын алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда ер адам дүкендердің бірінен жарты миллион теңгенің телефондарын алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 13 ақпанда болған. Оралдағы тонау видеоға түсіп қалған. Ер адам сатушы тұрғанына қарамастан, дүкенге кіріп, бірнеше ұялы телефонды алып шыққан. 

Полицейлер ер адам түсірілген видеоны жариялады. Ер адам алдымен дүкенде тұтынушылар жоқтығына көз жеткізген. Сосын ішке кіріп, терезені сындырып, телефондарды алып, шығып кеткен.

Реклама
Реклама

"Ер адам 4 телефонды алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Тонаушы ұсталды. Ол Орал қаласының 26 ​​жастағы тұрғыны болып шықты. Дүкен иесі 480 мың теңге шығын келтіргенін айтты", - деді Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі ("Тонау") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл баптың санкциясында 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная