16 шілде 2020 10:01

Оралда ер адам өгей ұлын аяусыз ұрған, баланың жағдайы ауыр

Көрнекі сурет © lentaregion.ru

Оралда ер адам өгей ұлын аяусыз ұрып-соққан. Түрлі жарақат алған бала ауруханаға түсті, жағдайы ауыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда ер адам өгей ұлын аяусыз ұрып-соққан. Түрлі жарақат алған бала ауруханаға түсті, жағдайы ауыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралдың полиция басқармасы оқиға 7 шілдеде Солтүстік-Шығыс шағынауданда көп қабатты үйдің бірінде болғанын айтты. 32 жастағы күдікті мас болған. 

Реклама
Реклама

"Өгей әкесі 2,5 жасар ұлын ұрып тастаған. Оқиға кезінде анасы кішкентай баласымен сыртта қыдырып жүрген. Оның айтуынша, үлкен ұлы пәтерде ұйықтап жатқан. Артынша үйге араққа сылқия тойған күйеуі келген. Бала оянғаннан кейін дәретке отырмақ болған. Ер адам баласы кафельді былғағанын көріп, жазаламақ болған. Бала етбетімен еденге құлап, есін жоғалтып алған. Ер адам оның бетінен бірнеше рет ұрып, есін жимақ болған. Сондай-ақ баланың бетіне су шашқан", - дейді Орал қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша инспектор Мадина Құспанова. 

Осы сәтте анасы келген. Ол баласының ес-түссіз жатқанын көріп, полиция мен жедел жәрдем шақырған. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер баланың маңдай сүйегі сынғанын анықтады. Жағдайы ауыр. 

"Әйелі қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз жазды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - дейді полиция өкілдері. 

Тәртіп сақшылары күдікті бұған дейін ұрлық, бопсалау әрекеттері үшін бірнеше рет сотталғанын айтты. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram