14 ақпан 2020 14:24

Оралда ер адам оқушы қызға шабуылдамақ болған: Оқиғаның мән-жайы

Видеодан алынған скриншот

Оралда оқушы қызға шабуыл жасамақ болған ер адамның ұсталуына қатысты деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда оқушы қызға шабуыл жасамақ болған ер адамның ұсталуына қатысты деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 жастағы оқушы қызды зорламақ болған ер адамды полиция лейтенанты Артур Кудусов көрген. Ол үйге түскі асқа бара жатқанда жылап жатқан қызды көрген. 

Реклама
Реклама

"Артур бірден соңынан жүрді. Қыз сипаттап берген соң полицей оны бірден ұстаған. 52 жастағы ер адам жедел-тергеу тобына жеткізілді. Қыз ер адамды таныды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Күдіктінің сол аумақта тұратыны белгілі болды.

Еске салайық, мұның алдында Оралда ер адамның оқушы қызға шабуылдамақ болды деген күдікке ілінгені хабарланған еді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram