08 желтоқсан 2021 09:37

Оралда жаппай төбелес кезінде оқ атылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Бақылау камерасынан алынған видео

Оралда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Ойын-сауық мекемесінде ер адамдардың екі тобы өзара жанжалдасып, арты төбелеске жалғасқан. Төбелес шығарушылардың танысы келіп мылтықпен оқ атып төбелесті тоқтатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО полиция департаменті хабарлағандай, оқиға Астана шағынауданындағы сауда орталықтарының бірінің жанында болған. Жақын жерде орналасқан кафеге келушілер арасында жанжал туындап, арты көшеде жаппай төбелеске жалғасқан.

Төбелеске қатысушылардың бірін жақын маңдағы көлікте 33 жастағы танысы күтіп отырған. Ол танысын ұрып-соғып жатқанын көріп, көліктің салонынан мылтық алып, одан жерге оқ жаудырған.

Реклама
Реклама

"Қатты зардап шеккендер жоқ, төбелеске қатысушылар жеңіл жарақаттар алған. 25 пен 42 жас аралығындағы 7 ер адам ұсталды. Төбелеске қатысушылар бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Қалада оқ атқан азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, қару тіркелді", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram