ПОДЕЛИТЬСЯ
11 тамыз 2021 | 17:30
Оралда көлік ұрлап әкеткен тұрғын видеоға түсіп қалды
Батыс Қазақстан облысында полицейлер көлік ұрлады деп күдікке ілінген тұрғынды ұстады. Ол ұрлық жасау кезінде есіркіге мас күйде болған және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Батыс Қазақстан облысында полицейлер көлік ұрлады деп күдікке ілінген тұрғынды ұстады. Ол ұрлық жасау кезінде есіркіге мас күйде болған және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция департаменті мәліметінше, 6 тамызда теміржол вокзалының жанындағы автотұрақтан Toyota Estima маркалы автокөлік ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Автокөлік құралының 31 жастағы иесі келтірілген шығын 4 миллион теңге болғанын мәлімдеді.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрланған көлікті айдап келе жатқан Орал қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала тергеу барысында оның автокөлікті есірткіге мас күйде басқарғаны анықталды. Ол марихуана қолданған. Бұрын ұсталған азамат көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді БҚО полиция департаментіндегілер.
Ұсталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы: 200-баптың 1-бөлігі ("Айдап әкету") және 346-баптың 1-бөлігі ("Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған және есірткіден масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы") бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также