08 сәуір 2019 | 12:41

Оралда командирін атып өлтірген полицей сотталды

© Tengrinews.kz

Оралда Серік Гарифқа қатысты сот үкімі шықты. Мамандандырылған күзет қызметінің бұрынғы қызметкері 24 жастағы Серік Гарифқа Ақжайық аудандық ІІБ ғимаратында полиция ішкі күзет батальонының инспекторы командирі Рүстем Рақышевті атып өлтіргені бойынша кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда Серік Гарифқа қатысты сот үкімі шықты. Мамандандырылған күзет қызметінің бұрынғы қызметкері 24 жастағы Серік Гарифқа Ақжайық аудандық ІІБ ғимаратында полиция ішкі күзет батальонының инспекторы командирі Рүстем Рақышевті атып өлтіргені бойынша кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

БҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бахыт Ермаханова үкімді оқыды. Сот үкімімен бұрынғы полицей Серік Гариф ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 13 жыл бас бостандығынан айырылаы және жазасын барынша қауіпсіз қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ол жәбірленуші тарапқа материалдық өтемақы ретінде 2,7 миллион теңге және 44,5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге мінедеттеледі. Сонымен қатар, сот Серік Гарифті сержант шенінен айыру үкімі шығарылды. 

Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді. Серік Гариф өзінің кінәсін мойындады. Прокурорлар сотталушыға 13 жыл бас бостандығынан айыруды және жазасын барынша қауіпсіз қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтеуін сұрады. Сондай-ақ, прокурор соттан жәбірленушілердің материалдық өтемақы ретінде 3 миллион теңге және моральдық залал 10 миллион теңге өндіру туралы талап-арызын қанағаттандыруды сұрады.

Бұрынғы полицей өзінің соңғы сөзінде осы іске барғанына өкінетінін мәлімдеді. 

"Мен барлығының өмірін тас-талқан еттім. Өтінемін, кешіріңіздер", - деді ол. 


© Tengrinews.kz

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Қасымов БҚО-да командирін атып өлтірген полицейге қатысты пікір білдірді

Еске сала кетейік, мұның алдында БҚО-да полицейдің взвод командирін атып өлтіргені хабарланған болатын. Облыстық ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, ІІБ территриясында ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының полиция сержанты (1994 жылғы) табель қаруымен ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының взвод командирін (1986 жылғы) атып өлтірген. Ол алған жарақатынан қаза тапты.  


© Tengrinews.kz


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная