Оралда мектеп мұғалімі есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

© usolie.info

Оралда № 3 орта мектепте бастауыш сыныптарына дене шыны?тыру п?нінен саба? беретін м??алім есірткі таратты деген к?дікпен ?сталды, - деп хабарлайды "Мой город". О?и?а 23 наурызда болды. 

Оралда № 3 орта мектепте бастауыш сыныптарына дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалім есірткі таратты деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 23 наурызда болды. 

БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Андрей Хлевиннің айтуынша, мұғалімнен 5,04 грамм марихуана тәркіленген. 

"23 наурызда № 3 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты есірткі сатып алу операциясы жүргізілді. 5,04 грамм марихуана сатып алынды. Ол өз үйінде ұсталды", - деп түсіндірді Андрей Хлевин. 

Реклама
Реклама

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша іс қозғалды. Орал қалалық білім бөліміндегілер мұғалімнің ұсталғанын растады, алайда пікір білдіруден бас тартты. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама