15 қазан 2021 16:32

Оралда мектеп оқушыларына тиіскен ер адам 20 тәулікке қамауға алынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Оралда мектеп оқушыларына тиіскен 36 жастағы ер адамның ісі бойынша әкімшілік сот шешімі шығарылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда мектеп оқушыларына тиіскен 36 жастағы ер адамның ісі бойынша әкімшілік сот шешімі шығарылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция бұл іс бойынша үш әкімшілік хаттама жасалғанын хабарлады.

"Орал әкімшілік сотының шешімімен ер адам жасаған ісі және қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкені үшін 20 тәулікке қамауға алынды", - деп хабарлады БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Дариға Мәжитова.

Реклама
Реклама

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның әрекеті қала тұрғындарын ашуландырды.

"Бұл адам қоғамдық орындарда мас күйінде жиі жүреді. Ол бірнеше рет қамауға алынды, бірақ кейін бостандыққа шығып, осындай әрекетін жалғастырады. Адамдардың көзінше дәрет сындырады", - деді қала тұрғыны Игорь Неверов.

Еске салайық, 8 қазанда кешке куәгерлер №7 орта мектептің ауласында балаларға тиіскен мас адамды түсіріп алған. Полиция тәртіп бұзушының жеке басын анықтаған. Ер адам өз кінәсін мойындап, бұл әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram