23 ақпан 2018 14:06

Оралда мешіттерде ұрлық жасаған ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Мой ГОРОД" © "Мой ГОРОД"

Оралда 25 жастағы жігіт қала мешіттерінде 4 рет ұрлық жасаған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Оралда 25 жастағы жігіт қала мешіттерінде 4 рет ұрлық жасаған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Бүгін, 23 ақпанда Орал қалалық сотында Атырау облысының тұрғыны 25 жастағы Қуандық Калимовқа қатысты сот үкімі шықты. Ер адам 2017 жылдың желтоқсан айында қаладағы мешіттерде 4 рет ұрлық жасап, онымен қоса, ер адамды ұрып-соғып, оның телефоны мен 185 мың теңгесін алып кеткен.

Сот барысында сотталушының мешітке келген адамдардың күрткелеріндегі заттарды ұрлап жүргені анықталды. Барлық төрт ұрлық дерегі бойынша келтірілген моральдық шығын - 303 мың теңге.

Судья Руслан Жұмағұловтың айтуынша, сотталушылардан зардап шеккендердің барлығы оны кешірді. Себебі Калимов материальдық шығынды толықтай өтеген. 

Сот Қуандық Калимовты айыпты деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Ол жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети