20 тамыз 2020 | 16:14

Оралда облыстық спорт басқармасы экс-басшысының ұсталуы: жаңа деректер шықты

Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы  қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған мемлекеттік сот орындаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы  қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған мемлекеттік сот орындаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті ретінде танылған сот орындаушысы облыстық спорт басқармасының экс-басшысы Мүслім Оңдағановтың ісіне қатысы бары анықталды. Ол жақында мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан болатын, бірақ бірнеше күннен кейін қайтадан қамауға алынды. Содан кейін іске қатысты жаңа деректер пайда болды.

Реклама
Реклама

"Сотқа дейінгі тергеу материалдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне алдын ала тергеу жүргізу үшін жіберілді. Сот орындаушысының осы құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы тергеу барысында тексеріледі", - деді прокуратурадағылар.

2020 жылдың 14 тамызында облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Сотталушының адвокаты мұндай шешім қабылдауға қылмыстық іс бойынша залалды өтеу негіз болғанын айтты.

Көп ұзамай Бас прокуратурада Оңдағановтың 135 миллион теңге шығынның 51 миллион теңгесін ғана өтегені айтылды. 

19 тамызда БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы қайтадан қамауға алынды. 

Еске салайық, шенеунік 2014 жылы 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол ұйымдастырылған топтың құрамында болып, 2009-2012 жылдар арасында 200 миллион теңгеден аса қаражат ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Бұл дерек бойынша 35 адам істі болған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram