ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2021 | 10:15
Оралда өгей әкесінің қысымына шыдамаған мектеп оқушысы өзіне қол жұмсамақ болды
Оралда 17 жастағы мектеп оқушысы өгей әкесінің қысымына шыдамай өзіне қол жұмсамақ болды. Жоғары сынып оқушысының айтуынша, ол оны 13 жасынан бастап зорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда 17 жастағы мектеп оқушысы өгей әкесінің қысымына шыдамай өзіне қол жұмсамақ болды. Жоғары сынып оқушысының айтуынша, ол оны 13 жасынан бастап зорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Мәліметтер бойынша, жәбірленуші өгей әкесінен көретін жыныстық зорлық-зомбылық туралы анасы мен мұғалімдеріне бірнеше мәрте шағымданған, бірақ оған ешкім сенбеген. Жәбірленушіге ешкім сенбегендіктен өзіне қол жұмсауға бел байлаған, қазір психиатриялық клиникаға жатқызылды.
Өгей әкеден жәбірленуші зорлаған сәттің аудиожазбасымен бөлісіп, дәлел келтіргенде ғана жауап алынды.
"Істің мән-жайы бойынша ақпаратты жариялай алмаймыз, өйткені ол кәмелетке толмағандардың жыныстық тұтастығына қатысты. Тергеу амалдары жүргізіліп, кәмелетке толмаған жәбірленушіге және арыз түскен адамға қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалады", - деді Орал полиция басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Қожахметов.
Күдікті 17 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Телеарна тілшісінің айтуынша, қазір анасы мен әжесі жасөспірімнен зорлаушыға қатысты айыптан бас тартуды талап етіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также