ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2021 | 13:20
Оралда орман инспекторының өліміне қатысы бар күдікті қолхатпен босатылды
Батыс Қазақстан облысының полицейлері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженовтің өліміне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Батыс Қазақстан облысының полицейлері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженовтің өліміне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы "Абайсызда қазаға ұшырату" және 337-бабы "Заңсыз аңшылық" бойынша екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"44 жастағы күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, 14 желтоқсанда таңертең БҚО Теректі ауданында орналасқан Бударин қорығында үш ер адам аң аулаған. Полиция мәліметінше, аңшылардың бірінің абайсызда атылған оғы БҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженовке тиген. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болды.
Инспекция басшысы Қайрат Қадешев қарамағындағы қызметкердің жұмыс бабымен жүргенін айтты. Бірақ полицейлер инспектордың заңсыз аңшылықпен айналысқанын айтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также