Оралда шенеунік 100 миллион теңге көлемінде пара сұраған - Ұлттық бюро

Видеодан алынған кадр

Батыс ?аза?стан облысында МКД ЭТ? ?аржылы? салада?ы ???ы? б?зушылы?тарды тергеу бас?армасыны? за?сыз ?йымдарды тергеу б?ліміні? жетекшісі ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросына сілтеме жасап. 

Батыс Қазақстан облысында МКД ЭТҚ Қаржылық саладағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының заңсыз ұйымдарды тергеу бөлімінің жетекшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап. 

"13 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық істі тоқтату және ары қарай қолдау көрсету үшін 25 миллион теңге көлемінде параның соңғы бөлігін алу кезінде БҚО бойынша МКД ЭТҚ Қаржылық саладағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының заңсыз ұйымдарды тергеу бөлімінің жетекшісі Н. Урналиевті ұстады", - делінген хабарламада. 

Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, параның жалпы көлемі 101 миллион теңге болған. 

Реклама
Реклама

Қазіргі кезде күдікті Орал қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама