Оралда түсік тастау қаупі бар жүкті әйел қамауға алынды

© Tengrinews.kz

Оралда сот т?сік тастау ?аупі бар ж?кті ?йелді ?амау?а р??сат берді, деп жазды "Уральская неделя".

Оралда сот түсік тастау қаупі бар жүкті әйелді қамауға рұқсат берді, деп жазды "Уральская неделя".

Элеонора Пакқа қатысты қылмыстық іс қозғалған, ол есепші болып жұмыс істеп жүріп "ҚазТехноГаз" ЖШС компаниясынан 11,5 миллион теңге ұрлады деген дерек бар. Элеонора Пактың айтуынша, компанияның басшылығы "қара" бухгалтерия жүргізуден бас тартқаны үшін оған ақша ұрлады деп жала жапқан.

Қазір әйел жүктіліктің үшінші айында. Түсік тастау қаупі болғандықтан ол Темір жол ауруханасына жатқызылды. 13 сәуірде медициналық мекемеде көшпелі сот отырысы өтті, ол отырыста қамауда ұстау шешімі өзгеріссіз қалды.

Реклама
Реклама

Сол күні кешке полицейлер әйелді қарауылшылар жасағымен тергеу изоляторына жеткізді, әйелді көп бейінді аурухана қабылдамай қойған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама