Оралда ұрының әрекеті аялдамада орнатылған камераға түсіп қалды

© youtube.com/mgorod.kz

Оралда ба?ылау камераларыны? ар?асында ?ры ?ол?а т?сті, - деп хабарлайды "Мой Город".

Оралда бақылау камераларының арқасында ұры қолға түсті, - деп хабарлайды "Мой Город".

"Школьник" аялдамасына орнатылған камераға ұрының қылмысы түсіп қалған. Аялдамаға қолына пакет ұстаған жігіт келіп, автобус күтіп тұрады. Көпшілік қоғамдық көлікке ұмтылған кезде ол қыздың сөмкесінен телефонды алып, автобусқа отырмай, кетіп қалады. 

Реклама
Реклама

Жыл басынан бері қалада 772 тонау дерегі тіркелген. Оның ішінде қоғамдық жерлерде жасалған ұрлықтар ең көп таралған қылмыс түрі болып отыр. Қалтаға түсетіндер көбіне телефон мен әмиянды қолды етеді. 

Жолаушылар тасымалымен айналысатындарға ұрлықтың алдын алу үшін автобустарға камера орнату айтылған. Сонымен бірге, аялдамаларға бақылау камераларын орнату бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама