14 қазан 2020 | 09:21

Оралда үйден 4 миллион теңге ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Фото: "Мой город"

Оралда үйден 4 миллион теңге ұрлап кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда үйден 4 миллион теңге ұрлап кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Зақашаған кентінде белгісіз ер адам күндіз үйдің есігін бұзып, 4 миллионнан аса теңге мен ұялы телефон ұрлап кеткен. Кенттегі полиция бөлімінің басшысы Тимур Айтуғановтың айтуынша, тәртіп сақшыларына 55 жастағы әйелден шағым түскен.

Реклама
Реклама

Кейін зардап шеккен тұрғынның бұл ақшаны жаңа үй сатып алу үшін 6 жыл жинағаны анықталған.

"Әйел күйеуімен тұрған. Бірақ ол көршілерімен сөйлеспейді екен. Бұл факт бойынша күдіктілер болмаған. Жақын жерде дүкен де, бейнебақылау камерасы да болған жоқ. Алайда біз ұрланған телефонды 1000 теңгеге сатқан 24 жастағы ер адамды ұстадық. Сондай-ақ, ол өзіне жаңа смартфон сатып алғанын, ойын-сауыққа аз мөлшерде ақша жұмсап үлгергенін анықтадық. Қалған ақшаны полиция тәркіледі", - дейді Айтуғанов.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Ол Оралдағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная