17 қараша 2022 10:52

Оралдағы қонақүйлердің бірінен ер адам өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Оралдағы қонақүйден ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы қонақүйден ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қарашада сағат таңғы 8:10 шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақүйлердің бірінде ер адам өлі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады.

"Бөлмеде жәбірленушіден бөлек әйел болды және ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау айғақтарын берді. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта материалды толық жинауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша сот сараптамалары кешенінің нәтижелеріне сәйкес, заңды процестік шешім қабылданады.

"ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, адам өлтіру, яғни басқа адамға заңсыз қасақана өлім келтіру – сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram