Оралдың қақ ортасында оқ атқан күдікті қолға түсті

Оқиға орны. Фото ©mgorod.kz бейне кадрынан алынды

Орал қаласының қақ ортасында әйелге оқ атқан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 20 жасар ер жігіт өз қатесін мойындап, түсінік берген. "Өз түсіндірмесінде ол ұйықтауға кедергі келтіргендіктен, пәтердің балконынан спортты-пневматикалық мылтықтан торғайларға оқ атқанын айтқан", - делінген хабарламада. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 257 "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Травматикалық қару тәркіленген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұл оқиға 16 мамыр күні Құрманғазы көшесінің бойында болған. 32 жастағы әйел жамбасынан жарақат алған. Жәбірленуші Орал облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Атылған оқ жанама тигендіктен бірінші медициналық көмектен кейін ол үйіне жіберілген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама