22 қаңтар 2020 | 17:53

Орман шаруашылығының қызметкерлерін ұстау сәті видеоға түсірілді

видеодан үзінді

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Бұқтырма бөлімінің басшысы мен бірқатар қызметкерлері парақорлыққа күдікті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Бұқтырма бөлімінің басшысы мен бірқатар қызметкерлері парақорлыққа күдікті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Браконьерлікпен күресті күшейту аясында Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Экология минситрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Бұқтырма бөліміндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері тиылды.

Реклама
Реклама

"Жалпы қамқорлық пен тыйым салынған әдістермен (синтетикалық моножіп), сондай-ақ уылдырық шашу кезінде Бұқтырма су қоймасының резервтік (тыйым салынған) учаскелерінде балық ресурстарын заңсыз аулауға тыйым салу шараларын қабылдамағаны үшін браконьерлерден жүйелі түрде 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алғаны үшін күдікті болып танылған аталған бөлімнің басшысы мен бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейнгі тергеу басталды", - делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная